Главное

Жас балаларды өлімге итермелеп, желіде «Синий кит» арнасын құрған адамға үкім шықты

Әлеуметтік желіде «Синий кит» арнасын ашып, жасөспірімдерге өз-өзін өлтіруге тапсырма берген Илья Погиблов 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ресейлік ақпарат құралына сілтеме жасап.

Сот үкімінде айтылғандай, Погиблов интернет арқылы адамдардың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың, өзіне қол жұмсау жасауына итермелейтін әрекеттерді ұйымдастырғанын жазды. Ол аталған мақсатта ашық «Синий кит» атты арна құрған. Сонымен қатар, Погиблов бір жасөспірімді қылмыстық әрекетке тартқан.

Тергеу деректері бойынша, 2023 жылы Погиблов ұйымдастырған топ мессенджерлер арқылы жасөспірімдерге психологиялық қысым жасап, өзін-өзі өлтіруге дайындайтын қауіпті тапсырмаларды орындауға үгіттеген. Тапсырмалар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Алайда құқық қорғау органдарының араласуымен қылмыстық топтың әрекеті дер кезінде тоқтатылып, суицидке итермелеу жоспары толық жүзеге аспаған.

Сот үкімімен Погибловқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол 4 жыл бойы интернет пен телекоммуникация желілерінде сайттарды басқару немесе әкімшілік ету қызметімен айналыса алмайды.

Сот отырысында Погиблов өз кінәсін толық мойындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, «Синий кит» атты суицидке итермелейтін қауіпті интернет-ойын Қазақстанда 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында кеңінен танымал болып, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызған. Мектептер мен ата-аналар арасында «Синий кит», «Тихий дом» сияқты ойындарға қатысты хабарламалар күрт көбейді.

Соған байланысты тиісті министрліктер мен мектеп әкімшіліктері бұл ойындарға қатысты ресми ескертулер жасап, балалар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады.

Другие новости

Back to top button