Мангистауская область

Жарықтың жоқтығына наразылық білдірген ақтаулықтар жолды жауып тастамақ болды

Ақтау қаласының 33-шағын ауданындағы екі үйдің тұрғындары электр қуатының жиі сөнуіне наразылық білдіріп, жолды жауып тастамақ болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Электр қуаты 9 қыркүйек күні кешке сөніп, 33-шағын аудандағы № 6 және 7 үйлер жарықсыз отырды, деп жазады Lada.kz.

«Бір күннен астам уақыт жарық жоқ. Тағы да «кезең-кезеңімен» өшіруді бастадыңыз ба? Неліктен бәрі соншалықты бей-жай қарайды?»- деді тұрғындар.

Сағат 22:00-де  №7 үйдің тұрғындары наразылық білдіру үшін көшеге шығып, жолды жауып тастауға тырысты. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.

Қалалық әкімдіктегілер «АЭжБУ» МКК 33-шағын аудандағы апаттық жағдайды жою бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Тексеру нәтижесінде ТП 33-21, ТП 33-22 қосалқы станцияларынан шығатын бас кабель алты жерден зақымданғаны анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін елорда тұрғындары түн ортасында күтпеген жерден жарықсыз қалған.

Другие новости

Back to top button