Мангистауская область
Жарықтың жоқтығына наразылық білдірген ақтаулықтар жолды жауып тастамақ болды
Ақтау қаласының 33-шағын ауданындағы екі үйдің тұрғындары электр қуатының жиі сөнуіне наразылық білдіріп, жолды жауып тастамақ болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Электр қуаты 9 қыркүйек күні кешке сөніп, 33-шағын аудандағы № 6 және 7 үйлер жарықсыз отырды, деп жазады Lada.kz.
«Бір күннен астам уақыт жарық жоқ. Тағы да «кезең-кезеңімен» өшіруді бастадыңыз ба? Неліктен бәрі соншалықты бей-жай қарайды?»- деді тұрғындар.
Сағат 22:00-де №7 үйдің тұрғындары наразылық білдіру үшін көшеге шығып, жолды жауып тастауға тырысты. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
Қалалық әкімдіктегілер «АЭжБУ» МКК 33-шағын аудандағы апаттық жағдайды жою бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Тексеру нәтижесінде ТП 33-21, ТП 33-22 қосалқы станцияларынан шығатын бас кабель алты жерден зақымданғаны анықталған.
Айта кетейік, бұған дейін елорда тұрғындары түн ортасында күтпеген жерден жарықсыз қалған.