Актюбинская область

Жарық, газ және су жоқ: Ақтөбеде наразы тұрғындар жолды жапты

Ақтөбеде қала маңындағы кенттің тұрғындары трассаны жауып тастады. Айтуларынша, олар елді мекенде жағдайдың жасалмағанына наразы. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Бес жыл бұрын әкімдік оларға шағын ауылдағы жерлерді берген. Көбісі сол үйлерге жөндеу жұмысын жасап, қоныстанғанымен, толыққанды өмір сүре алмайды. Себебі ауылда не жарық, не газ бен су жоқ. Өткен жылдан бастап шенеуніктер электр қуатын қосуға уәде беріп келеді. Бірақ енді қыстың уақытына дейін күтулерін сұраған.

Көп балалы ана Гүлфайруз Жаскөжиева мемлекеттен 10 соттық жерді алу үшін 13 жыл кезегін күтіпті. Бес жыл бұрын отбасыға қала маңындағы ауылда жер берілді. Әйел мен жұбайы үй салып, өткен жылдан бері осында тұрады. Бірақ қажет жарық, газ және су болмағаны оларға қиынға соқты. Олар қауіпті газ баллонының көмегімен тамақ дайындайды. Ал электр қуатына генератор арқылы қол жеткізеді, бірақ ол бірнеше сағатқа ғана жетеді.

«220 вольттық аппараттан жарық аламыз. Генератор арқылы батареяны зарядтаймыз. Теледидар, тоңазытқыш, әрине, қосылмайды. Тек телефондарды зарядтап, кешке шамдарды қосуға жетеді», – деді тұрғын Гүлфайруз.

Бауырластар-5 кентінің барлық тұрғындары шенеуніктердің қабылдауында бірнеше рет болды. Олар электр қуатын наурыз айында өткізеді деп уәде берген. Содан кейін газ қосылу керек еді. Бірақ бағананың өзі ауылдың бір шетіне ғана орнатылды. Екінші жағында бұл да жоқ.

«Ақтөбе облысының әкімдерінің немқұрайлылығына байланысты тіпті үй сала алмаймыз. Үйін салып алғандар адам сияқты өмір сүре алмайды. Бір жыл бұрын уәде етілді. Алдымен олар өткен жылдың қараша айында деді. Содан кейін 22 желтоқсанға ауыстырды. Сосын қаңтарға шегерді. Жақында ТКШ өкілдері, әкімдер де келді, енді қарашада, қарашаның соңында дейді», – дейді тұрғын Қырым Мергенов.

Адамдар уәдеге сенуден қалған. Мұндай жағдайда өмір сүру адам төзгісіз дейді. Шарасыз тұрғындар көрші ауылдарға баратын жолды жауып тастады. Енді автокөлік жүргізушілері аймақты айналып өтуге мәжбүр.

Бұл жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді. Кейбір полиция қызметкерлері жолдарды босату үшін тұрғындарды көндіруге тырысып жатқанда, олардың әріптесі кептелісті болдырмас үшін трафикті реттеуде.

Шенеуніктер де оқиға орнына келді. Олар күздің соңына дейін шыдауды өтінді. Олардың айтуынша, барлық жұмыстар жоспар бойынша жүріп жатыр. Қыстың басында олар шамдарды қосып, содан кейін бірден газ беруге уәде берді.

«Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жоба ауыспалы, яғни құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы басталған. Биыл қараша айында толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр», – деді Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің орынбасары Алмас Жақсылықов.

Бірақ шенеуніктер судың әзір қосылмайтынын алдын ала ескертті. Ол үшін үш жылдай шыдау керегін айтты. Неліктен инженерлік желілері жоқ жерлер берілгеніне билік өкілдері жауап таппады.

Другие новости

Back to top button