Социум

Жарылыстың ең соңғы үні 1989 жылы естілді

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

29 тамыз – Қазақстан Республикасы, әлемдік қоғамдастық және жаһандық антиядролық қозғалыс үшін тарихи күн. 1991 жылы дәл осы күні Қазақ КСР Президенті Невададағы полигоннан кейінгі әлемдегі екінші қуатты «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2019 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні мереке күндерінің тізбесіне енгізілді.

Семей ядролық полигонының жабылуы – көптен күткен және тағдырлы шешім. 1989 жылы «Невада – Семей» қозғалысы құрылды, оның лидері Олжас Сүлейменов болды. 1989 жылы халық қолдауының арқасында қозғалыс Семей полигонында жоспарланған 18 жарылыстың 11-ін тоқтата алды. 7 сынақтың соңғысы 19 қазанда болды.

«1989 жылы 28 ақпанда Қазақ жерінде дүниеге келген «Невада-Семей» қозғалысы Семей полигонын жабуды өзінің басты мақсаты деп санап қана қоймай, басқа да ядролық елдерді осы жасампаз үлгіні ұстануға шақырды. Ал қазір Қазақстан антиядролық қозғалыстың әлемдік аренасында сенімді позицияға ие», — деді Олжас Сүлейменов.

Айта кетсек, 1949 жылы 29 тамызда Кеңес Одағы ядролық қарудың алғашқы сынағын өткізді. 1949 жылдан 1989 жылға дейін қазақтар үшін қасиетті жерде, ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың туған жерінде кемінде 456 ядролық сынақ, сондай-ақ ондаған гидроядролық және гидродинамикалық сынақ жүргізілді.

 

Другие новости

Back to top button