Социум

Жарты жылда екі мыңға жуық суицид оқиғасы тіркелген

10 қыркүйек әлем бойынша суицидтіңалдыналу күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше әр 40 секунд сайын бір адам өзөзіне қол жұмсайды екен.


Жыл сайын жер шарын
ың 1 миллион тұрғыны жарық дүниемен өз еркімен қоштасады. Халықаралық ұйымның дерегіне сүйенсек, осындай тенденция жалғаса берсе, өлім саны алдағы жылдары екі есе артуы мүмкін. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі зорлық-зомбылық салдарынан  суицидкеитермелейтінін көрсеткен.  

     Елімізде алты айда 1834 тұрғын өмірден өз еркімен кету туралы шешім қабылдаған.  2021 жылы 1942 адам , яғни суицид оқиғасы биыл 5,6% төмендеген.   Бұл фәниден баз кешіп, жарық дүниемен қоштасуға қызкеліншектерге қарағанда ер азаматтардың саны екі есе көп. Былтыр 386 әйел өмірімен қоштасқан болса ,  1430 ер кісінің, кәмелет жасқа толмаған 65 жасөспірімнің отбасы қара жамылған.

    Елімізде суицидтің алдыналу мақсатында  ауқымды шаралар ұйымдастырылып , Жастар орталықтарында,  профилактикалық, консультациялық-диагностикалық, медициналық-әлеуметтік, психологиялық және заң аясында көмеккөрсету біріздендірілген дейді мамандар.

     Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталығы биыл «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» жобасы бойынша мамандардың біліктілігінарттыру мақсатында әзірленген оқыту бағдарламасын жетілдірді.

Бұл бағдарламаның мақсаты ЮНИСЕФ-тің«Қазақстанның білім беру және денсаулық сақтау жүйелеріне жасөспірімдер арасында психикалық денсаулықты нығайту және суицидтің алдын алу аспектілерін енгізу» жарияланымына негізделіп, Қазақстанда жасөспірімдер арасында психикалық денсаулықты нығайту және суицидтердің алдыналу болып табылады. Сонымен бірге жасөспірімдермен олардың құрдастары, қамқоршылары, мұғалімдері, медицина қызметкерлері және басқа адамдар тарапынан суицидке, психикалық ауруларға және осы саладағы медициналық қызметтерге байланысты стигматизацияға қарсы шаралардың күшейту.

 15-17 жастағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасы барлық өңірлерде жүзеге асырылуда. Қазір бағдарлама 5 өңірде (Ақмола, Атырау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары, Нұр-сұлтан қаласында)әдіснамалық тұрғыда  іске қосылды. 8 ай бойы бұл бағдарлама аясында 471 денсаулық сақтау саласының маманы білім алды.

     Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен еліміздегі   медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары дәрігерлерінің психикалық денсаулық саласындағы сауаттылығын арттыру жөніндегі бағдарламасы (mhgap) енгізілуде. Жоба психикалық аурулардың, жүйке сырқат, өзіне-өзі қол жұмсауға  әрекет жасаған пациенттерге көмек көрсету мәселелерін қамтиды. Бүгінгі таңда 20 ұлттық, 102 өңірлік шебержаттықтырушы білім алды. Бұл жоба денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне (жалпы тәжірибе дәрігерлеріне, отбасылық дәрігерлерге, фельдшерлерге, орта білімді және жоғары білімі жоқ медицина мамандарына) психологиялық-психиатриялық көмек саласында білім алуға мүмкіндік береді , дейді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталығының  бас директоры Қуаныш Алтынбеков.

   Мамандардың пікірінше  өмірмен қоштасуға бел буған  адамның шарасыз күйі жандүниесін алайтүлей қылып, түтіп тастап , жегідей жеген проблемасынан  құтылатын жол таппағанын білдіреді. Мұндай өмірден түңіліп, тығырықтан шығудың амалын іздеген жанға  үмітін үкілеп, оған эмоционалды қолдау көрсету, өмірін өзгертудің басқа (аутодеструктивті емес) жолын таңдауға көмектесу психолог маманның қолынан келетін іс . Кейбір жағдайларда, тәжірибелі маман  әңгімелесу арқылы суицидке бейім тұрғынға қиыншылықты жеңуге жігерлендіріп, қолайлы шешім табуға көмектеседі . Республикалық психикалық ғылыми практикалық орталықтың бөлім меңгерушісі Ринат Мұзафаров психологтар, психотерапевтер, психиатрлардың көмегіне жүгінуге кеңес береді.

 Қазіргі таңда психикалық, мінез-құлқындағы өзгерістерге алаңдаған, күйзеліс діңкелеткен  адамдарды есепке алу немесе психиатрға жүгінсе, динамикалық бақылау тобына тіркейді деп алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Созылмалы аурулары анықталған , психикалық аурулар бойынша мүгедектігі расталған адамдар ғана есепте (диспансерлік есепке қою)   тұрады.Сондықтан сіздің немесе  туыстарыңыз, жақындарыңыз психологиялық көмекке мұқтаж болса, мамандарға хабарласыңыз, олар сізгеәрқашан көмектеседі, дейді Ринат Мұзафаров.

  10 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен суицидтің алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастық өкілдері жер шарындағы суицидке бейім  адамдардың өмірі үшін жауапкершілікті нығайту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

        Дүниежүзілік және қоғамдық ұйымдардың мақсаты суицид жағдайларының алдын алуға ғана емес, сонымен қатар өз-өзіне қол жұмсауға бір рет әрекет еткен адамдарға бұл тығырықтан шығудың жолы бар екен көпшілікке жариялау. Қиын кезде қол үшын беретін адамдардың бар екенін хабарлау.

   

 

Другие новости

Back to top button