Культура

Жарқын қаңтар: 10 қазақстандық фильмді енді Иви-ден көруге болады

 

Ұлттық ерекшелік пен қызықты сюжеттердің үлкен топтамасын қарсы алыңыздар! Иви онлайн-кинотеатрының фильмдер каталогы көптеген қазақстандық жаңа кинолармен толықтырылды.Платформадан отандық режиссерлердің бірден 10 картинасын тамашалауға болады. Көрермендерді Қазақстан кинематографиясының қызықты әлеміне еніп, кейіпкерлермен бірге күтпеген сюжеттерді бастан кешіп, керемет көркемдік шешімдерді бағалауға шақырамыз.

Где мой дом?

Жан Байжанбаев және Динара Әбікеевамен Ивидегі жарқын жаңалық «Где мой дом фильмі. Отбасылық комедияның басты кейіпкері-Алматыдан келген құрметті профессор Жеңіс Альфредович. Ол ұзақ уақыт бойы үй сатып алуды армандап, ақыры баспанасын сатып алады. Алайда, кейіпкер істің мәніне тез көз жеткізеді. Алаяқ алып-сатарлар үйдің жалған құжаттарын жасап, тағы екі отбасыға сатып жіберген. Көрерменге, ортақ тұрғын үйдің алданған сатып алушылары тіл табыса алар ма екен, соны білуге тура келеді.

Шала бандиттер

Серік отбасымен бірге қызының туған күнін тойлауға дайындалып отырғанда, олардың үйіне екі бейтаныс адам кіріп келді. Екеуінің де бет перделері мен қолдарында тапаншалары бар. Бірақ бұл тонау емес: біртүрлі қарақшылар ақшадан бас тартып, Серікке жеке уәждерін білдіруде. Қылмыскерлердің бірінің шын жүректен ағынан жарылуы жаңа қонақтардың: көршілердің, балалар аниматорларының, жеткізушілердің кесірінен үнемі үзіліп қала берді… Кепілге алынғандардың саны артып келеді және осы уақыт ішінде Серіктің олақ жездесі  жуынатын бөлмеде жасырынып, көмекке шақыруға тырысуда.

Жол

Қайырымдылық бағдарламасының аясында жаңа пәтерге ие болу мақсатында, жас жеткізуші зағип болғансынады. Арсыз алдаудың арты оны қылмыстық оқиғаларға әкеліп соғады, енді оған өзін ғана емес жаңа достарын да құтқаруға тура келеді. Әбілмансұр Серіковпен шытырман оқиғалы қазақстандық комедияны қазақ тілінде орыс субтитрлерімен көруге болады.

Пацанская история

Қазақстан, 2000 жылдардың басы. Мектептегі үш дос бала жеңіл жолмен ақша табу мүмкіндігіне ие болады: Қырғызстаннан заңсыз тауар тасымалдауы қажет. Клиенттің барлықтай ақшасын жұмсап жібергеннен кейін, олар соқыр тәуекел бұлардың ойлағанындай болмай жатқанын түсінеді. Шығынды өтеп, миссияны орындап әрі гонорарларын ала алады ма? Оқиғаның қалай дамитынын білу үшін Ивидегі «Пацанская история» қылмыстық комедиясын онлайн режимінде қараңыз.

Маған назар аудар

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет режиссер АбдусаидШайхисламовтың комедиясында. Сюжет желісі бойынша әйелінен мезі болған жазушы түсәлемінде күтпеген бақытқа кенеледі. Бірде оның түсіне көрікті бейтаныс бойжеткен кіреді, араларында әдемі қарым-қатынас орнайды. Енді кейіпкердің ұйқыдан оянып, проблемалар мен кемшіліктерге толы шынайы әлемде өмір сүргісі келмейді. Оның оқиғасының қалай өрбитінін біл үшін, Ивиден онлайн режимде «Маған назар аудар»фильмін көріңіз.

Иви-дағы «Хотя бы кинода 2″ және «Джохан 2» комедияларының жалғасы, Қазақстанның бай тарихынан шабыттанған «Белгісіз батырлар» лентасы, «Ажырасам» және Coco&Janbo сынды жарқын қазақстандық жаңалықтарды жіберіп алмаңыз .

Другие новости

Back to top button