Спорт

Жақында тұрмыс құрған Жансая Абдумалик мансабын аяқтай ма? — Қазақстандық шахматшы жауап берді

Қазақстандық шахматшы Жансая Абдумалик жеке өміріндегі жаңалықтар кәсіби мансабына қаншалықты әсер ететінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Қазақстандық спортшы жақында тұрмыс құрды. Жанкүйерлері атақты спортшы мансабын аяқтайды деп болжады.

«Ал, енді шахматты тастайсың ба?» – деп сұрады оқырмандардың бірі.

«Тастайтын ойым болған жоқ, тастамаймын да. Жалпы, бұл менің «хейтерлерімнің» жанкүйерлерін қызықтырмасын. Менде позитивті муд. Сіз өзіңіздің жеке ойларыңызбен басқа профильдерде отыра беріңіз», – деп жауап берді Абдумалик.

 

Бұл жауабын көпшілік оның басқа бір танымал шахматшыны тұспалдауы деп санады.

Жансая Абдумалик жұбайының қолдауы туралы да айтып кетті.

“Осы уақыт аралығында мен ойнамадым, бірақ бәрі жақсы болатынына сенімдімін. Оның қолдауымен ештеңеден қорықпаймын” – деді ару.

Другие новости

Back to top button