Культура

«Жанын емдеп жатыр»: Сара Амангелдінің анасы қызының әлеуметтік желіден кеткенін растады

Танымал әнші, актриса Сара Амангелді көп көзіне түспегелі біраз уақыт болды. Жақында үй алып, қоныс тойын жасаған өнер иесі әлеуметтік желіден кеткенін анасы растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Продюсер Сара Амангелдіні іздеп жатқан оқырмандарына алғыс айтты.

“Маған қойылған сұрақтың дені – Сараны іздегендер. Ол бала күнінен дүние қуған бала емес. Әзірге әлеуметтік желіден бас тартты. Жанын емдеп жатыр. Қазір адамдар өте қатыгез ғой, жанын емдеп жатыр. Олармен күресетін Сарада иммунитет жоқ. Менің жетістектерім үшін құнын төлеп жатқан қыз осы шығар?!. Маған оның басының амандығы ғана керек”, – деп жауап берді әнші.

Желі қолданушылардың бірі “Үш қызыңызбен бірге тұрасыз ба?” деген сұрағына: “Үшеуімен де тұрмаймын. Дана – Астанада, Сара – өз пәтерінде, Ғайникамал – Испанияда. Үйде атасы мен Айла ғана бар” деп жауап берді.

Сондай-ақ, продюсер “Келінжан” сериалының жалғасы түсірілмейтінін айтты.  «Өмірімнің ең бір маңызды кезеңінде дүниеге келген «Келінжанның» миссиясы аяқталды. Сарадан басқасына «еншісін» беріп, дүниесін төлеп, атағын да, ақшасын да ұстатып, қоштастым. Ешкімнің ақысы қалған жоқ деп ойлаймын. Енді ондай жоба бола ма, жоқ па оны да білмеймін… «Келінжан» жүрегімде мәңгі қалады», – деп жауап берді.

Еске салайық, әнші жақында отандық “Жар-жар” фильмінде басты рөлді сомдап, әнші Тұрар Ыдырыспен танысқан болатын.

Другие новости

Back to top button