Главное

«Жансақтау бөліміне жатқызылды»: Алакөлде дельтапланнан құлап, зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер дельтапланмен ұшып бара жатып, көлге құлаған ер мен әйелдің ауыр жағдайда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Олар жедел жәрдем көлігімен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендер ауруханаға ауыр жағдайда келіп түсті”, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, олар анестезиология, жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылған. Сондай-ақ науқастарға шокқа қарсы терапия және толық клиникалық-диагностикалық аспаптық зерттеу жүргізіліп жатыр.

“Талдықорғаннан ауруханаға екі маман – нейрохирург пен травматолог жіберілді. Ауруханада науқастарды емдеуге қажет барлық дәрі-дәрмек бар. Жағдай бақылауда», – деп мәлімдеді ведомство.

Еске салайық, бұған дейін екі адам Алакөлге дельтапланнан құлап, зардап шеккені туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button