Спорт

Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионатына қатысады

7 сәуір мен 1 мамыр аралығында астанада 2023 жылғы шахматтан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Жарыста Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылар ел намысын қорғайды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Ал әлем чемпионы атағына Ян Непомнящий мен Дин Лижен таласады.

Еске салайық, бұған дейін блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахматшы Жансая Әбдімәлікті сынаған еді. Оның айтуынша, Жансая мен тағы 11 шахматшы Нью-Делиде өткен әйелдер турниріне барып тұрып, қатыспай кетіп қалған.

Кейін Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаеваның сынына жауап берді.

 

Другие новости

Back to top button