Социум
Жанқош Тұраровты айыптаған әйел бұған дейін де зорланғаны туралы арыз жазып үлгерген
Желіде боксшы Жанқош Тұраровқа қарсы арыз жазған қыз туралы ақпарат пайда болды. Бұған дейін ол басқа адамдарды да зорлады деп айыптаған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпарат бойынша, Жанқош Тұраровтың үстінен арыз жазған қыз зорланғаны туралы полицияға арызданған. Қыз Қонаев полициясына Алматы мен Өскемен тас жолында белгісіз біреулердің зорлағаны туралы арызбен жүгінген.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол полицияға жеткізілді.
«4 шілдеде Қонаев полициясына Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны хабарласып, «Алматы-Өскемен» тас жолында белгісіз біреудің зорлағанын айтты. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті полицияға жеткізілді. Қызметкерлер барлық қажетті сараптамаларды тағайындады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінген еді.