Социум

Жаңбыр, көктайғақ және тұман: алдағы демалыс күндеріне болжам жасалды

Еліміздің кей өңірінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін

Синоптиктер 23-25 желтоқсан аралығында Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын шашын болады.

«Ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклон жырасы әсер ете бастайды. Алдымен республиканың батыс аймақтарында, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен сулы қар түрінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, солтүстік аймақтарда бұрқасын мен қатты жел болады», — делінген хабарламада.

Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Другие новости

Back to top button