Мангистауская область

Жаңаөзендегі аштық: Жұмыс сұрағандарға қандай қызметтер ұсынылғаны белгілі болды

Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға жалақысы 140 мыңнан 280 мың теңгеге дейін баратын жұмыс орындары ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңаөзендегі аштық акциясына қатысушыларды «Жұмыс Жасаймын» өңірлік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру ұсынылды. Олар жұмыс істеп жүріп, мұнай саласында жұмысқа орналасу кезегін күте алады.

Белгілі болғандай, қаланың 13 кәсіпорнында сәулетші, өндіріс инженері, Call-орталықтың операторы, кассир-бухгалтер, асхана қызметкері, автослесарь, менеджер, шебер, электрик, сату жөніндегі менеджер, менеджер сияқты 200 бос жұмыс орны ұсынылды. Бұл бос жұмыс орындарының жалақысы 140-280 мың теңге аралығында. Қолда бар бос орындардың көпшілігі үшін жоғары білімнің болуы міндетті емес.

«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкерлері жиналғандарға мұнай-газ секторындағы жұмыспен қамту алгоритмі аясында қолда бар жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды және өз кезегін күтуді ұсынды, алайда жиналғандар «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жұмысқа орналастыруды үзілді-кесілді талап етті», — деп хабарлады Жаңаөзен әкімдігі.

Сондай-ақ әкімдіктегілер кезекте тұрған қаланың басқа тұрғындарына қатысты мұндай талаптың әділетсіз екенін, олардың көпшілігі қазір басқа облыстарда жұмыс істейтінін атап өтті.

Еске салайық, жұмыс сұрағандар Жаңаөзен қалалық әкімдігі ғимаратының маңында аштық жариялаған болатын. Олар мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыруды талап етті.

Другие новости

Back to top button