Главное

Жаңа туған сәбиді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кетті

Қарағанды облысында жаңа туған нәрестені ауруханаға әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кетті. Оқиға 5 қаңтар күні Дубовка ауылынан 2 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы құтқарушыларға жедел жәрдем бригадасы хабарлаған. Қатты боран мен көктайғақ жағдайында оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел жәрдем көлігінде шақалақтың жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын анықтаған.

 

Көлік жолдан 20 метрден астам жерге шығып кеткен. Жедел жәрдем жүргізушісінің айтуынша, жанармай аз болған. Оқиға орнына құтқарушылардың жедел әрекетімен жанармай мен жылы киімдер жеткізілді

— делінген ТЖМ мәліметінде.

 

Нәрестені құтқару үшін Қарағандыдан екінші жедел жәрдем көлігі шақыртылған. Бұл уақытта құтқарушылар жолды қардан тазартып үлгерген.

 

Дәрігерлердің айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратынсыз баланы 30 секундтан артық ұстауға болмайды. Уақытылы көрсетілген көмектің арқасында сәби Қарағанды ​​қаласының ауруханасына жатқызылды.

Другие новости

Back to top button