Главное
Жаңа оқу жылында 30 мыңнан астам педагог біліктілік курсынан өтеді

2025–2026 оқу жылында Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 30 980 педагогке арналған курс ұйымдастырады.
Тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілікке қатысты курстардан өтеді.
Жыл басынан бері мұндай курстарға 39 мыңнан астам мұғалім қатысқан. Олардың ішінде ауыл мектептері педагогтерінің үлесі айтарлықтай басым – 56%-ды құрайды.
Бұған дейін, мұғалімдерге қаржы сауатттылығын үйрететіні хабарланған.
Дереккөз: https://kz.kursiv.media/kk/