ГлавноеШымкент

Жаңа әкім Сыздықбеков: «Шымкент» десе «жемқор» дейді – ол маған да тиеді

Шымкенттің жаңа әкімі жемқорлықпен бел шеше күреспек

Шымкент қаласының жаңа әкімі Ғабит Сыздықбеков блогер Бақытжан Көпбаевтың сұрақтанына берген жауабында жемқорлық, трайбализм мен алдағы мақсаты жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Еске сала кетейік, таяуда Шымкент қаласының әкімі ауысқан. Республикадағы үшінші мегаполисті үш жыл бойы басқарған Мұрат Әйтеновтың орнына Ғабит Сыздықбеков келді. Қала әкімінің ауысуы үшінші мегаполисте қызу талқыланып, бөркін аспанға атып жатып жатқандар бар. Соның бірі – әлеуметтік желіде танымал блогер Бақытжан Көпбаев. Ол өз парақшасында әкімді Тоқаевтан өзі сұрап алғанын айтыпмақтанған болатын.

Бүгін осы Көпбаевтың Сыздықбековпен бетпе-бет кездесіп, сұрақ қойған видеосы тарады.

«Басшылықтың сенімі бар. Халықтың алдында барымызды аямай жұмыс істеу келіп отырмыз», — дейді жаңа әкім.

Блогер әкімнен «бірінші кезектегі мақсатыңыз қандай?» деп сұрайды. Әкім қаланы көркейтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға келгенін, толық жоспарын жариялау үшін уақыт керегін айтады.

«Жалған ақпаратпен айналыспайсыз ба?» деген сұраққа Сыздықбеков «жоқ, айналыспаймын» деп жауап береді.

«Мен сізге қазір басынан уәде бере алам – барды бар, жоқты жоқ деп айтам сіздерге. Содан кейін дұрыс нәрсені дұрыс деп, мүмкіндігінше келісетін сұрақ болса, келісеміз. Бірге мәселелерді шешеміз. Кіші Отаным, туып-өскен жерім», — дейді Ғабит Сыздықбаев.

«Сіз трайбализммен айналыспайсыз ба?» деген сұраққа әкім «ой, жоқ» деп жауап береді.

«Мен шетелде көп уақыт өткіздім. Кішкентай кезден бірге өскен жолдастарым бар. Астанаға барғанда олардың қандай ру екені кездейсоқ білдім. Одан кейін біз енді Шымкенттен болғасын, жемқорлықты айтады – оның бәрі маған да тиеді ғой. Оның бәрін жөндеуге тырысамыз», — дейді ол.

«Жемқорлықты жоямыз ба?» деген сұраққа әкім «сондай ниет бар» деп жауап қатты.

«Жүйе болып кеткен ғой, жүйені бұзуға тырысамыз», — дейді әкім.

Другие новости

Back to top button