Нур-Султан

«Жан түршігерлік көрініс болды»: Куәгер Астанадағы банк бөлімшесін кепілге алған, бопсалау оқиғасы жайлы айтып берді

Астанада Kaspi филиалында қарумен келген бопсалаушының қолында кепілдікте болғандар туралы куәгер мән-жайды айтып берді. Бұл туралы  5-tv.ru порталына хабарлайды. 

 

Банкке келіп ақша бопсалаған адамды көрген Роза Шахан есімді бойжеткен оқиға кезінде қатты үрейленгенін жасырмады.

«Шынымен де, бұл сұмдық жағдай болды. Жан түршігерлік көрініс болды. Біз құтқаратындарды бақылап отырдық. Олар өте белсенді әрі жылдам әрекет етіп, оқиға орнына жетті», — деп бөлісті Роза Шахан есімді бойжеткен.

Ол барлығы «Бумажный дом» сериялындағы тонауға ұқсас болғанын атап өтті. Мұны өз басынан өткізген куәгер оқиға фильмнен де әлдеқайда қорқынышты екенін айтады. Бойжеткен мұндай оқиғаның Қазақстанда болуы мүмкін емес деп ойлаған да атап өтті.

Шахан жағдай барысында қорққанын, бірақ банк ішінде кепілге алынғандар үшін көбірек алаңдағанын алға тартты.

Еске салсақ, жексенбі күні Астанада қарулы адам Kaspi филиалында адамдарды кепілге алып, талаптары орындалмаса өлтіреміз деп қорқытқан еді. Ер адам Kaspi активтерінің барлығын мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға беруді талап етті. Басқыншы талаптарын орындауға үш сағат уақыт беріп, кейін кепілге алынғандарды өлтіруге уәде еткен болатын.

Другие новости

Back to top button