Жамбылская область

Жамбыл облысындағы су басу: Аймақ әкімдігі мәлімдеме жасады

Жамбыл облыстық әкімдігі Сарысуда су басудан кейін материалдық шығынды есептеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазіргі таңда шығынды зерделеу бойынша жұмыс топ құрылған. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су сору жұмыстарын жалғастырып жатыр. Барлығы 18 600 м3 су сорылып, жалпы 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазартылды.

“Жаңатас қаласындағы екі елді мекен (Малоэтажка, Дегерес) жарыққа қосылды. Тек Д. Қонаев орта мектебінде судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмеді. 8 шілде, таңертең ұшқызсыз ұшу аппаратының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені анықталды. Адам, мал шығыны жоқ. Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтіріліп, оған 12 адам орналыстырылды. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды”, – делінген хабарламада.

«Жаңатас–Саудакент» тасжолы ашық. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Другие новости

Back to top button