Атырауская область

Жайықтағы су деңгейі тағы көтерілді

Бүгін Жайықтағы су деңгейі 8 см-ге көтерілді. Оған БҚО аумағынан судың келуі әсер еткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен су деңгейі өзгерді.

  • Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 668 см., деңгейдің +23 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 445 см құрайды.
  • Жайық өзені — Махамбет кенті 754 см деңгейінде, тәулігіне + 11 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 437 см құрайды.
  • Жайық өзені — Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 442 см., тәулігіне +8 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 251 см құрайды.

Мамандар су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін деп отыр.

Другие новости

Back to top button