Образование

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша өткен тендердің қорытындысы тексеріледі

Amanat партиясының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының «Жайлы мектеп» жобасы бойынша өткізген конкурсының қорытындысын тексереді. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті өткізген жиында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шешімге бастамашы болған депутат Ерлан Саиров «Жайлы мектепке» блінген қаражат монополистердің талан-таражына түседі деп алаңдайтынын айтады.

«Amanat партиясының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының «Жайлы мектеп» жобасы бойынша өткізген конкурсының қорытындысын тексереді. Қазір бүкіл құжатты алдырып, қанша фирманың жеңіп шыққанын, ол компаниялар кімге тиесілі, арасында олигархиялық топ өкілдері бар ма, соны тексереміз. Қазақстандағы құрылыс саласы монополияға айналып кеткен. Оған монополия жасап отырған – бұрынғы мемлекеттің басшысына жақын фирмалар. Міне, сол фирмалар қазір әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарына еніп жатыр», — деген Ерлан Саиров нақты мысал да келтірді.

«Осыдан 3 жыл бұрын, пандемия кезінде Алматыда BI Group үлкен аурухана салды. Оның 3 млрд теңгесі қолды болып кеткен. Қазір осы бөлінген («Жайлы мектеп» жобасына – ред.) қаржы да қолды болып кетеді деген қауіп бар. BI Group қана емес, «Bazis-A» бар — осылардың бәрін тексеру керек», — деді депутат.

«Samruk-Kazyna Construction» компаниясының басқарма төрағасының құрылыс және пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабит Малғаздаровтың айтуынша, Ерлан Саиров атаған BI Group компаниясы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 16 мектеп салатын келісімшарт жасасқан.

Другие новости

Back to top button