Жаһандық заман ағымындағы смартфонға тәуелділік

XXI — ғасыр жаңа технология дәуірі. Қазіргі заманда смартфонды пайдаланбайтын адамды кезіктіру қиын. Құрылғы арқылы жүретін жолын анықтайды,қанша қадам басқанын бақылап отырады.Интернет желісі арқылы туған туыстарының,таныстарының өміріндегі жаңалықтарды біліп отырыуға мүмкіндік бар. Гаджеттерді күнделікті өмірде қолдану уақытын шектеген жөн! Смартфон өміріміздің өте маңызды бөлшегі болып алды. Тым тәуелдіміз, уақытты ұрлайды.
Өз уақытыңды басқара біл. Өмірімізде әрбір өтіп жатқан уақыт баршамыз үшін өте маңызды, тіпті актуальды деп айтсақ артық емес. Өйткені заман ағымы бейне бір осыған әкеліп тіреп тұрғандай. Барлық істеріміз смартфонға байланысты болып барады. Бұлда дұрыс-ау!? Дегенмен бірдеңе жасаймынның әсерімен арасында ғаламтор желісіне басымызбен кіріп кетіп жатамыз. Тәуелділіктің басымдығы қатты білінеді. Соның нәтижесінде сағаттап әлеуметтік желіде отырамыз. Сондай-ақ, фотолармен түрлі бейнебаяндармен роликтерге үңіліп қаламыз. Осының барлығы уақыттың зая кетуіне алып келеді сол себепті сәл де болсын бақылау енгізген абзал.
Таңғажайып, бірақ абайлайық! Басым бөлігіміз санамызға телефонның сіңгені соншалық, қазір адамдар сезім мен эмоциясын сөзбен, түрлі стикерлермен жеткізеді. Бұл тенденция адамдардың оңай бағдарламалануын арттыру салдарына әкеледі
Егерде уақытыңыздың басым бөлігін электронды поштаңызды қарауға жұмсасаңыз,ол сіздің мансабыңызға кері әсерін тигізіп,толыққанды жұмыс істеуіңізге мүмкіндік бермейді. Технологияның дамуымен қатар келген мұндай қасіреттен біздің уақытымызды алып қана қоймай санамызды улап, ақылымызды кемітіп, миымызды шаршатып жатқанын ескеруіміз қажет.
Бар жылдамдығымен алға ұмтылып, дамуға тырысып жатқан ғасырымыздың алдымызға қойған мүмкіндіктерін тек өзімізге пайдалы тұсынан ғана қолдануды үйреніп, жиренетін жерінде кеш болмай тұрып бастартуға бар күшімізді салуымыз қажет.
“Ақшаңды босқа жұмсайтын болсаң – сен тек ақшаңды жоғалтасың.Ал уақытыңды босқа шығындайтын болсаң – өміріңнің бір бөлшегінен айырыласың.”
«Бастау» мектебінің 11-сынып оқушысы Мырзахметова Жібек



