Ізіне түсу мүмкіндігі бар ақылды гаджеттер — AirTags сияқты тасығыш құрылғылармен қандай қиындықтар туындайды?

Киберсталкинг мәселесі жаһандық болып табылады және жыл сайын күрделене түсуде. Киберқауіптің бұл түрі ізіне түсу үшін ақылды құрылғыларға орнатылған бағдарламалық қамтумен байланысты. Өткен жылдың соңында AirTag трекерін жеке мақсатта аңду үшін пайдаланғаны үшін Apple-ге қатысты қозғалған істер туралы хабар тарады. «Kaspersky»-дің сарапшысы Валерий Зубанов тасығыш және смарт-құрылғылардың құпиялылық мәселесінің кеңірек ауқымы туралы баяндайды және қауіпсіздік бойынша ұсыныстарымен бөліседі.
Трекерлерді пайдалану қаупі
Нарықта объектілерді қашықтықтан іздеуге арналған көптеген құрылғылар бар, бірақ оларды заңды және заңсыз бақылаудың әртүрлі түрлеріне де қолдануға болады. Мысалы, егер біреу үй жануарларына арналған осындай құрылғыны жәбірленушінің сөмкесіне немесе көлігіне әдейі тастап кететін болса.
Барлық құрылғылардың ішінде AirTag басқа гаджеттерге қарағанда танымал болып көрінеді, өйткені олар миллиондаған iPhone смартфондарын қамтиды. iPhone сізге кез-келген қажетсіз AirTag туралы хабарлауы мүмкін, бірақ Android пайдаланушылары үшін Apple Tracker Detect сияқты қосымшалар бар, олар сізді аңдудан қорғауға көмектеседі.
Смарт-құрылғылармен байланысты тағы қандай қауіптер туралы білу керек
Киберсталкингтің байқалмай қалуы мүмкін басқа да түрлері бар. Бұл тек трекерлерге ғана емес, сонымен қатар әртүрлі IoT және смарт-гаджеттерге де қатысты (мысалы, камералар, жарықтандыру, робот шаңсорғыштар). Олар киберқылмыскер үшін ішкі желіге кіру нүктесі немесе жәбірленушінің барлық іс-әрекеттерін бақылау үшін тыңшылық құралы бола алады. «Kaspersky»-де жүргізілген зерттеулер барысында біз қашықтан бақылау (немесе тыңшылық) және бейне кадрларды ауыстыру сияқты көптеген шабуыл сценарийлерін анықтадық. Соңғысы бақылау камерасының жазбасын ұрылар үйге кіріп, назардан тыс қалу үшін пайдалануы мүмкін басқа жазбамен ауыстыруға болатынын білдіреді.
Тасығыш құрылғыларды қалай қауіпсіз пайдалануға болады