ГлавноеГосорганы

Ит пен мысығын есепке қоймағандарға қанша айыппұл салынады

1 қыркүйектен бастап ит пен мысығын есепке қоймаған азаматтарға айыппұл салынады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Талғат Ердешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«10 мысығы, 5-6 иті болса да есепке қоюы керек. Бұл міндеттен жалтарғандар жауапқа тартылады. Себебі, адамдар өздерінің үй жануарларына жауапкершілікпен қарауы тиіс. «Әкімшілілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 407-1, 407-2-баптарында жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. 1 жылдың ішінде есепке қоймағаны анықталған жағдайда айыппұл көлемі 2 еселенеді», — деді комитеттің бас сарапшысы елордада өткен брифинг барысында.

Айта кетейік, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қоюміндетті болады.

Қазақстандықтар үшін электронды жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу – тегін. Дегенмен, чип тағу үшін мысық пен ит иелері өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ.

 

Другие новости

Back to top button