Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, Бишімбаев қазір қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Қазір мейрамхана қызметкерлері әрекетсіздік үшін жауапкершілікке тартыла ма деген сауалға қатысты тергеу бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр. Менің ойымша, олар сізге кейінірек түсініктеме береді. Қалғанына қатысты пікір білдіре алмаймын», — деді Сәрсенов.
Айта кетейік, 9 қараша күні кешке экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Кейіннен марқұм әйелінің қазасына қатысты жаңа деректер пайда болып, оның жүкті болуы мүмкін екені айтылды.
Сондай-ақ ол бұрын сыбайлас жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталған экс-шенеунік түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан. Әлеуметтік желіде кейбір қолданушылар “егер түрмеден босатпағанда, мұндай ауыр қылмыс болмас еді” деп, сотқа көңіл толмаушылық білдіруде.