Культура

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы өлімінің алдын ала себебі аталды

Тиісті зерттеу сараптамасы екі аптаға дейін жүргізіледі

Дәрігерлер «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы – 21 жастағы Шахназ Жылқайдаровтың өлімінің алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мобилографтың денесі 14 қазанда Сот сараптама институтына жеткізілген.

«Өлімнің алдын ала себебі – жедел геморрагиялық панкреонекроз. Өлімнің нақты себебі токсикологиялық сараптама нәтижелері шыққаннан кейін белгілі болады», — делінген басқарма хабарламасында.

Аталған зерттеу сараптамасы екі аптаға дейін жүргізіледі.

Еске салайық, «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Астанада концерт болар алдында көз жұмған болатын. Астана полиция департаменті топтың 21 жастағы мобилографының қайтыс болғанын растады. Музыкалық топ қайтыс болған жас жігіттің отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button