Социум

Интернетте балалар органдарын сататын топ туралы видео тарады

Әлеуметтік желілерде екі бөліктен тұратын видеоролик тарап жатыр. Біріншісінде жерде жатқан бірнеше адамды біреулер тепкінің астына алуда, екіншісінде мұз салынған контейнерде баланың денесі жатыр. Жазылғандай, ұсталған ер адамдар – балалар органдарын сататын банданың мүшелері, контейнердегі бала – сату мақсатында дайындалған денелердің бірі. Stopfake.kz видеоның анық-қанығын анықтап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

хабарлауынша, роликтің кейіпкерлері алаяқтық пен сапасыз тауарды сатқаны үшін осындай жазаға тартылған. Баланың денесінің жанында жылап отырған әйелдің видеосы интернетте кеңірек таралған. Оны алғаш рет 2017 жылдың шілдесінде қытайлық қолданушы жариялаған. Шын мәнінде, бұл бала туыстарына қонаққа барып, суға батып кеткен. Оның денесін жерлеу үшін туған қаласына жеткізу мақсатында мұз салынған контейнерге салған», — деп жазады Stopfake.kz.

Сондай-ақ органдарды трансплантациялаукүрделі және мұқият реттелетін процесс екенін ескерген жөн. Денесі мұздатылған қайтыс болған донордан мүшені трансплантациялау мүмкін емес.

Осылайша, таралған роликте органдарға сату мақсатында балаларды ұрлау әрекеті көрсетілмеген. Бұл бір-бірімен байланысты емес екі түрлі видео: біріншісі алаяқтарды жазалау, екіншісі суға батып кеткен баланың денесін тасымалдау туралы.

Другие новости

Back to top button