InEco Fest — Алматы қаласының жүрегіне қайта оралды

Үлкен мегаполистің қақ ортасындағы жасыл табиғат пен адам тең дәрежеде кездесетін, шабытты оқиғалар мен пайдалы білімге толы, қамқорлық пен жауапкершіліктің рухы билеп тұрған оазиске қош келдіңіздер. InEco Fest 2025 – бұл инклюзияны, экосана мен тұрақты даму идеяларын тоғыстыратын, Алматының жүрегіндегі Ботаникалық бақта өтетін елдегі жалғыз әрі қайталанбас отбасылық фестиваль.
2025 жылдың 15 тамызында Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта экология мен инклюзияға арналған жыл сайынғы екінші InEco Fest 2025 фестивалі өтеді. Іс-шараны «ITeachMe» қоры Ботаника және фитоинтродукция институтымен (Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ) бірлесіп, «Шеврон» компаниясының серіктестігімен ұйымдастырады.
InEco Fest 2025 фестивалінің мақсаты – әрбір адам өзінің мүмкіндігіне қарамастан өзін еркін көрсете алатын, шабыт беретін, инклюзивті және экологиялық орта қалыптастыру. Бұл – табиғатпен қатар, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жауапкершілік пен қамқорлықты бағалайтын жандарға арналған фестиваль.
Биыл фестивальге 4000-нан астам қонақтар, балалар, ересектер, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, бизнес өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар қатысады деп күтілуде.
Биыл фестиваль ерекше — ойын түріндегі квест форматында өтеді. Қонақтар әрбір белсенділікке қатысқаны үшін шағын сыйлық – моншақ алып отырады. Түрлі алаңдарды аралап, белсенділік танытқан қонақтар фестиваль соңында өз қолымен бірегей жасалған білезік құрастырады. Бұл білезік – саналы қоғам құру жолындағы жеке үлестің символы болмақ.
Фестивальдің ерекше сәттерінің бірі – мүгедектігі бар қыз-келіншектер қатысатын инклюзивті сән көрсетілімі болмақ. Бұл көрсетілім – сұлулық пен тең мүмкіндіктердің нышаны ретінде есте қалады.
12:00 мен 16:00 аралығында фестиваль аумағында 8 тақырыптық алаң жұмыс істейді. Қонақтарды түрлі шеберлік сабақтары, интерактивті ойындар, балаларға арналған ертегі-аудио саяхат, ботаникалық бақ бойынша экскурсиялар, эко-жәрмеңке және қайырымдылық маркет күтеді.
16:00-ден 20:00-ге дейін Бас сахнада танымдық дәрістер мен перфоманстар өтеді. Фестивальдің бас жүргізушісі – театр және кино актері Чингиз Капин.
Кештің соңында көрермендерге ARTиШОК театры әртістерінің өнері мен режиссер Қанат Бейсекеевтің Алматыдағы смог мәселесіне арналған деректі фильмі ұсынылады.
Отбасыңызбен келіңіз! Фестивальдің барлық белсенділіктеріне қатысу — Ботаникалық бақтың стандартты кіру билетімен!
Отбасыңызбен бірге келіп, шабыт алып, жақсы көңіл-күймен қайтыңыздар!
Өтетін орны: Алматы қаласы, Бас ботаникалық бақ, (солтүстік кіреберіс) Тимирязев көшесі, 36-үй, (батыс кіреберіс) Тимирязев көшесі, 36-үй, 3-қосымша, (оңтүстік кіреберіс) Әл-Фараби даңғылы, 71а
Күні: 2025 жылдың0 15-ші тамызы
Уақыты: 12:00–20:00 аралығы
Толығырақ ақпаратты мына жерден біле аласыз: https://www.instagram.com/ineco.fest/
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Бас ботаникалық бақ (БББ) — Алматы қаласында орналасқан, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамына кіретін мекеме. БББ — ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие, ашық аспан астындағы ғылыми мекеме. Бұл — ботаникалық ғылымның, экологиялық-ағартушылық және табиғатты қорғау қызметінің орталығы. Толығырақ ақпарат: www.botsad.kz
«ITeachMe» қоғамдық қоры – копетенцияларды дамыту орталығы. Қордың мақсаты – баршаға тең мүмкіндік жасау. Бұл – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған білім беру іс-шараларын ұйымдастырып, IT мамандарды оқытып, жұмысқа орналасуға көмектесетін, жас әрі серпінді дамып келе жатқан ұйым.
Қосымша ақпарат: www.iteachme.kz
«Шеврон» – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз сенімді, қолжетімді және экологиялық таза энергия – дамудың негізгі кілті деп санаймыз. Компания мұнай мен табиғи газ өндірумен, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдері мен қоспаларын өндірумен айналысады, сондай-ақ бизнесті және бүкіл саланы дамытуға арналған инновациялық технологияларды енгізіп келеді.
«Шеврон» бизнесін мұнай-газ саласында дамыту, өз қызметінің көміртек ізі деңгейін төмендету және төмен көміртекті бағыттарды ілгерілету – мысалы, жаңартылатын отын өндіру, көміртекті ұстап қалу, оффсеттерді пайдалану, сондай-ақ сутегі мен басқа да заманауи технологияларды дамытуға бағытталған.
Толығырақ: www.chevron.com