Госорганы

Имамдар халықты жат ағымдардың әсерінен қорғауға өз үлесін қосып жүр — Президент

 Ерлан Қарин «Имам – ізгі қоғам жаршысы» форумына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

 

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Имам – ізгі қоғам жаршысы» атты имамдардың V республикалық форумына қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

 

– Ұлт сапасын жақсартамыз десек, руханият саласына баса мән беруіміз керек. Мүфтият ел тағдырына айрықша ықпал ететін осы жауапты жұмысқа белсене атсалысып келеді. Имамдарымыз халықтың діни сауатын арттыруға, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге және оны жат ағымдардың әсерінен қорғауға өз үлесін қосуда, – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Ерлан Қарин форумда дін мен дәстүрдің қоғамдағы маңызы жайында айтты.

Сөз соңында халықтың бірлігі мен ынтымағын арттыру маңызды миссия екенін айтқан Ерлан Қарин барша дін қызметкерлерін ортақ міндетті бірлесіп атқаруға шақырды.

Другие новости

Back to top button