Выбор редакцииСпорт

Илья Ильин екінші рет үйленді

Олардың үйлену тойы кеше Астанада өтті

Қазақстандық танымал ауыратлет Илья Ильин екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Vesti.kz мәліметіне жүгінсек Ильиннің жары – бизнес-леди Татьяна Гордиенко.

«Махаббатыма, өмірімнің бақытына, ең жақсы жігітке «иә» деп жауап бердім», — деп жазды Татьяна Гордиенко әлеуметтік желідегі парақшасында.

Илья Ильин мен Татьяна Гордиенконың үйлену тойы 12 қаңтар күні Астанада өтті.

Айта кетейік Илья Ильин үшін бұл екінші неке. Осыған дейін Қазақстан құрамасының гандболшысы Наталья Кулаковаға үйленген. Алайда олар 2017 жылы ажырасып кеткен болатын. Олардың Милана есімді қызы бар.

Другие новости

Back to top button