Социум

Ильхам Әлиев Ақтауда ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудан үш шақырым жерде ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әзербайжан президентінің Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында көңіл айту жазбасы жарияланды.

Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес Ақтау маңындағы ұшақ апатының себептерін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды.

Әзербайжан президентінің атынан цифрлық даму және көлік министрі, төтенше жағдайлар министрі, бас прокурордың орынбасары, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, мемлекеттік азаматтық авиация агенттігі директорының орынбасары, AZAL вице-президенті және өкілдері, басқа да тиісті мемлекеттік органдар апат орнын тексеру үшін Ақтауға аттанды.

Әзербайжан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Сабина Алиеваның айтуынша, ұшақ апатына байланысты Қазақстан мен Әзербайжанның омбудсмен институттарынан жұмыс тобы құрылған.

Әзербайжан Республикасының бас прокуроры 262.3 (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы және әуе көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) және 314.3 (Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан) баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық істі алдын ала тергеу Бас прокуратураның тергеу басқармасына жүктелді.

Бүгін Бакуден Грозныйға (J2-8243) ұшқан Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде апатқа ұшырады.

Другие новости

Back to top button