ГлавноеГосорганы

Игорь Лепеха Шымкентте 6 адам қағып кеткен автобусқа қатысты түсінік берді

 ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Шымкентте 6 адамды қағып кеткен автобусқа қытысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қылмыстық іс қозғадық, себептерін анықтаймыз. Бұл ретте қол тежегішті баспаған жүргізушінің өзінің салғырттығы немесе автобуста техникалық ақау болуы мүмкін», — деді Игорь Лепеха Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, елімізде «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп тұрады. Онда жүргізушілер, олардың жол ережелерін сақтауы, автобустардың техникалық жарамдылығын тексеріледі.

«Бұрындары бізде бақылаудың тиісті түрі болатын. Атап айтқанда, автокөлік кәсіпорынының шыға берісіндегі барлық жүргізушілер мен көліктерді толық тексеретін едік, бірақ бүгінде ондай мүмкіндік жоқ. Екіншіден, көліктерді тоқтату ережесі қашан және қандай негізде, қайда тоқтата алатынымызды нақты реттеп тұр. Бұл негізінен жолдағы қозғалыс ережелерін бұзу, әкімшілік құқық бұзу деректеріне қатысты. Бұл жағдайда біз тоқтатып, әрекет етеміз», — деді министрдің орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл сәуір айының басында Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 6 адамды қағып кетті.

Соның салдарынан 5 адам көз жұмды.

Другие новости

Back to top button