Социум

Идеядан трендке дейін: TikTok қауымдастығын шабыттандыратын Қазақстанның 8 әйелі

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында TikTok цифрлық платформа арқылы бизнесін дамытып, шығармашылығын шыңдап, тәжірибе алмасып жүрген қазақстандық әйел-креаторлардың арнайы топтамасын ұсынды.

Бүгінде цифрлық платформалар әйелдер тек контент жариялайтын алаң ғана емес, күн тәртібін қалыптастырып, шабыт беріп, адамдарды біріктіретін жаңа мүмкіндіктер кеңістігіне айналды. Олар бизнес бастап, сараптамалық білімін бөліседі, маңызды тақырыптарды көтеріп, ортақ идеялар төңірегінде қауымдастық құрады. Білім беру форматтарынан бастап мансаптық инсайттарға және өзін-өзі жүзеге асыру туралы шынайы оқиғаларға дейінгі видеолар миллиондаған қаралым жинап келеді.

TikTok қысқа бейнероликтерді көру және жасауға арналған жетекші платформасы әйелдер үшін дамудың тиімді құралына айналды, мұнда жеке тәжірибе мыңдаған адамға қолдау көзі болса, шығармашылық тұрақты жобаға ұласады.Бүгінде #InternationalWomensDay, #WomensDay, #WomenEmpowerment, #WomenOfTikTok хэштегтері платформада 7 миллионға жуық жарияланымды біріктіреді. Бұл жазбалардың артында кәсіби өсу, жеке тәжірибе мен шабытқа толы шынайы оқиғалар жатыр.

8 наурыз мерекесіне орай TikTok Қазақстаннан шыққан сегіз әйел-креаторды таныстырады. Олар платформада жарқырап көрініп қана қоймай, пайдаланушылар қауымдастығының дамуына нақты үлес қосып келеді. Өнер, білім, мәдениет, сән, музыка және гастрономия салалары арқылы олар өзін-өзі жүзеге асыруға жігер беріп, жергілікті бірегейлікті қолдайды, білім мен идея алмасу кеңістігін қалыптастыруда. Олардың контенті адамдарды біріктіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, цифрлық платформаның оң өзгерістер құралы бола алатынын дәлелдейді.

Әсел Сабыржан, @assolyaa — ұлттық нақыштағы кілемдергетарихи және танымал тұлғалардың ерекше портреттерінсалатын суретші. Ол Дала патшайымы Томиристен бастапДженнифер Лопес, Джеки Чан және Димаш Құдайбергенсияқты тұлғалардың бейнесін сомдайды. 2026 жылы Әсел платформаның Discover List жаһандық таңдаулы креаторлар тізіміне еніп, мұндай халықаралық мойындауға ие болған екінші қазақстандық автор атанды. Ол ұлттық мәдениетті насихаттап, Қазақстанда да, шетелде де түрлі буын өкілдерінің қазақ өнеріне деген қызығушылығын арттырып келеді.

Ботагөз Омарова, @botagozomarova2 — Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ол Discover List 2025 жаһандық таңдаулы креаторлар тізіміне енген Қазақстандағы алғашқы креатор болды. TikTok арқылы Ботагөз күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіп, білімді баршаға қолжетімді етуде.

Еңлік Құрарбек, @yenleak — цифрлық ортада музыкалық күн тәртібін қалыптастырып жүрген жаңа буын қазақстандық әнші әрі рэп-орындаушы. TikTok арқылы авторлық тректерін, жанды орындаулардан үзінділер мен шығармашылық үдерістің сахна сыртындағы сәттерін бөлісіп, жас әртістерді өз үнін табудан қорықпауға шабыттандырады.

Айсұлу Нұртаева, @fancy_smth, стильді өз қолыңмен жасауға болатынын көрсетеді: киім тігіп, қайта өңдейді, сәнді олжаларымен бөлісіп, шығармашылық эксперименттерге жігер береді. Оның практикалық шеберлік сабақтары эстетика мен даралық үлкен қаржыны талап етпейтінін дәлелдейді. Айсұлу даралық, экологиялық жауапкершілік пен сәнге креативті көзқарасты таңдаған қауымдастыққалыптастыруда.

Анастасия Романова, @romanova_anastassiya — қазақыұлттық нақыштағы үйлену көйлектерін жасаумен танылған дизайнер. Жұмыстарында заманауи трендтер мен дәстүрлі өрнектерді үйлестіре отырып, ол мәдени мұраны қазіргі сәниндустриясында сақтап, жаңғыртуға үлес қосып келеді.

Найля Павловская, @nyakushkaa өз парақшасында қарапайым әрі дәмді үй тағамдарының рецептерімен бөлісіп, көрермендерін аспаздық тәжірибеге шабыттандырады. Оның контенті үйде ас дайындап, қонақжайлық дәстүрін сақтап, жақын жандарға жылы сәттер сыйлауға үндейді.

Жұлдыз Рахмет, @zhuldyz_rakhmet — тревел-журналист әрі креатор, платформа қолданушылары үшін Қазақстанның көрікті жерлері бойынша виртуалды гидке айналған тұлға. Оның видеолары ішкі туризмді насихаттап, елдің мәдени және табиғи байлығын таныстырады, жергілікті бағыттарды қолдайды. Қатарынан екінші жыл «Саяхат» номинациясында жеңіске жетуі аудиторияның оның маршруттарына деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді.

Анара Батырхан, @anarbatyrkhan — қазақстандық актриса әрі әнші. TikTok-тағы музыкалық тікелей эфирлері кең аудитория жинайды. 2025 жылы Анар Live Fest 2025 фестивалінде «Talent Awards» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Қазақстан атынан халықаралық деңгейде өнер көрсетті. Ол өз шығармашылығы арқылы Анар TikTok-тағы музыкалық қауымдастықтың дамуына үлес қосып, елдің шығармашылық әлеуетін әлемдік аренада танытып жүр.

Другие новости

Back to top button