Бизнес

Яндекс Қазақстан: Карты қолданбасында жаңа жыл мерекесінде демалуға болатын орындар пайда болды

 Яндекс Карты пайдаланушылары қолданбадан жаңа жыл мерекесін өткізуге және қыста демалуға болатын жерлерді таба алады. Олардың арасында қалалық шыршалар, мұз сырғанақтары, тау шаңғы кешендері және шаңғы базалары бар. Орындардың көбі Алматы мен Астана қалаларында орналасқан.

Қажетті орынды табу үшін іздеу жолына сұрау енгізу керек. Мысалы: «қалалық шыршалар», «Астана мұз сырғанақтары», «Шымбұлақ». Ал жақын жерде қандай демалыс орындары барын білгіңіз келсе, «қысқы ойын-сауық» деп іздеуге болады.

Карты қолданбасында әр демалыс орнына дейін жаяу не кез келген көлік (соның ішінде автокөлік не автобус) маршрутын құра аласыз.

Яндекс Карты қолданбасын Google Play Market немесе App Store дүкендерінен жүктеп алуға болады.

____

Яндекс Карты — жаяу немесе көлікпен, мысалы, автомобильмен және автобуспен жүруге арналған маршрут құруға көмектесетін навигациялық қолданба. Сонымен қатар ол арқылы қажетті орындарды тауып, басқа да күнделікті жұмыстарды орындауға болады. Бүгінде Қазақстанда Яндекс Карты қызметін ай сайын 2,3 миллионнан астам адам пайдаланады. Яндекс Карты қызметі Поиск, Такси, Еда, Доставка деген басқа Яндекс қызметтері сияқты қазақ тілінде істейді.

Яндекс Қазақстан — машина оқыту мен нейрожелілерге негізделген өнімдер мен сервистер жасайтын технологиялық компания. Компания пайдаланушылардың өмірін жақсартуға және елдегі цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және ендірумен айналысады. Елде компанияның 10-нан астам сервисі, соның ішінде іздеу порталы және оның сервистері, таксиге онлайн тапсырыс беру, жеткізу және тамақ, бұлт сервистері мен геосервистер, ойын-сауық сервистері, білім беру жобалары жұмыс істейді.

Другие новости

Back to top button