Выбор редакцииСпорт

Якутиядан Қазақстанға көшіп келген кәсіпкер балаларға арналған тегін футбол үйірмесін ашты

inDriver сервисінің негізін салушы Арсен Томский Қазақстанда бірнеше жобаны іске қосқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек Якутияда да кинематографтарды қолдауға арналған және өзге де экологиялық жобалары жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sakhalife.ru сайтына сілтеме жасап. 

 

Өз Telegram-арнасында кәсіпкер Ресейде, соның ішінде Якутияда коммерциялық емес дамушы жобаларды жүзеге асыру қиындай түскенін мәлімдеді.

«Ерте ме, кеш пе мемлекетте жағдай дұрысталып, біз бұл жұмыстарды үлкен масштабта жалғастыра аламыз деп үміттенемін. Біздің жобаларымыз бірінші Қазақстанда іске қосылады. Ретке келіп, тиімділігі дәлелденген соң кеңейтіп, әлемнің өзге де елдерінде енгіземіз», – деді ол.

Қазір Қазақстанда Iskra.Football жобасы жұмыс істейді. Бұған дейін Ресейде ашылған секцияларға елдегі Зеренді, Жәнібек пен Ұлытау қалаларындағы секциялар да қосылды. Балалар футболмен тегін шұғылдану мүмкіндігіне ие болды. Келер жылы Қазақстандағы шағын қалалар мен ауылдарда тағы 7 үйірме ашылады.

Другие новости

Back to top button