Нур-Султан

Харам экономика: Астанадағы жезөкшелер өз қызметін «рассрочкаға» ұсынатын болған

Астананың «Дәулет» сауда үйі мен Алматыдағы Саин-Сейфуллин көшелеріндегі түнгі көбелектердің қызметін жайлы аңыз-әфсана талай рет қоғам мен құқық қорғау органдарын дүрліктірген болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Соңғы жылдары көше жағалап жүретін түнгі көбелектердің қызметі жасырын түрге өтті. Былтыр жарты миллиард айналымы бар элиталық үйдегі притонды полиция анықтап, жұмысын тоқтатты. Highvill тұрғын үй кешенінде орналасқан жезөкшелер үйіндегі қызметті әйел өзінің азаматтық жұбайымен бірге ұйымдастырған. Олар элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күн сайын бірнеше пәтер жалдап, қыздардың қызметін саудалаған болып шықты. OLX сайтында берілген массажға жарнама арқылы келушілерге «тосын сый» берілді. Бұл дәстүр аталған бизнестің көзін тоқтатқанмен, өзін тоқтата алмаған.

Highvill тұрғын үй кешенінде массаж жасайтын қыздар туралы жарнамалар әлі де желіде өріп жүргенін көруге болады. Жыныстық қатынас қызметін ұсыну қазір боди массаждың терісін жамылып жүр. Яғни, массаж қызметінен кейін клиенттерге интим қызмет көрсетіледі. Сағаты 20 мыңнан басталады. Сондай-ақ желіде аталған парақшалардың астына жазылған пікірлер де аз емес. Олар тіпті бөліп төлеу қызметін де ұсынады екен.

Ал Kizdar net сайтында «Астана жезөкшелері», «Алматы жезөкшелері» және «Тараз жезөкшелері» деп қалаларға жіктеп қойған. Жас қыздардың суреттері мен көрсететін қызмет санынан көз сүрінеді. Сағатына қызметі үшін 100 мың теңге алатындары да бар.

Қазақстандағы интимдік қызмет көрсету нарығына 2019 жылы Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы сараптама жасаған.

Жыныстық қызметтер нарығы Қазақстанда заңсыз деп танылған. Сондықтан да бұл нарық арқылы қанша ақша табылатыны жайлы ресми статистикалық ақпарат жоқ. Алайда зерттеушілер бұл проблеманы жоғарыда аты аталған сайттарда жарияланған жарнамадағы ақпаратты топтастырып шешкен.

«Зерттеу барысында ашық сайттарда жарияланған 2081 әйел және 656 ер адамның сауалнамалық ақпараты қамтылды. Іс жүзінде жыныстық қызметтер нарығы (жезөкшелік нарығы, коммерциялық жыныстық қатынас) қызметтің бұл түріне сұраныс болғандықтан жұмыс істейді.Тиісінше, баға сұраныс факторларына байланысты анықталады. Интернеттің пайда болуы мен дамуы жыныстық қызметтер нарығына қол жеткізуді жеңілдетіп, онлайн нарықты қалыптастырды», — делінген зерттеуде.

Сондай-ақ географиялық тұрғыдан алғанда мәліметтер базасы Қазақстанның 28 ірі, орташа және шағын қалаларын қамтыған. Әсіресе, жыныстық қызмет көрсету Астана, Алматы және Шымкент сынды ірі қалаларда дамыған.

Істелген жұмыс нәтижелері бойынша және Қазақстандағы жыныстық қызмет индустрия қызметкерлері жайлы деректі жиналып, белгілі бір образ шығарылған.

«Орташа есеппен алғанда жыныстық қызмет көрсететін ер адам Алматы қаласының тұрғыны, азиялық этносқа жатады, жасы 25-те, жасаған қызметі үшін сағатына 10 мың теңге сұрайды. Ал жыныстық қызмет көрсететін қыздың жасы да 25-те, Алматы қаласынан, төсінің өлшемі – 2, қызметі үшін сағатына 15 мың теңге алады», — делінген жыныстық қызмет нарығы жайлы зерттеуде.

Көлеңкелі экономика нарығының зерттеуі 41 беттен тұрады. Бұл әзірге Қазақстанда осы нарыққа жүргізілген жалғыз зерттеу жұмысы болып отыр.

Другие новости

Back to top button