ГлавноеГосорганы

Халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен проблемаға айналды – Үкімет басшысы

Елімізде халықтың шамадан тыс кредит алуы мәселесі өзекті. Мұны Үкімет басшысы Әлихан Смайылов көтерді, деп хабарлайды Kazinform.

«Халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып барады. Биыл 1-ші қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі 9,2 трлн теңгені құраған. Бұл орайда, бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері шамамен 1,5 млн теңгені, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша 1 млн теңгені құрайды. Кейбір азаматтар мерзімі өтіп кеткен кредиттерін жабу үшін одан да жоғары пайызбен жаңа кредиттер алады. Осылайша, шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді. Ал, банк кредит беруден бас тартқан жағдайда, олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді», — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің мәлімдеуінше, адамдар қаржылық сауатсыздығының кесірінен жағдаййын қиындата береді.

«Бұл мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырды. Жоба халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың кредитт бойынша проблемалық берешектерін реттеуде және жұмысқа орналасуда консультациялық көмек беруге бағытталған. Қазірдің өзінде Қазақстанның 8 өңірінде 45 мың адам қаржылық сауаттылық негіздері бойынша білім алды. 2023-ші жылдың соңына дейін 60 мың азаматты қамту жоспарлануда», — дейді ол.

Другие новости

Back to top button