Интервью

«Халықтың 90 пайызы сондай»: «қазақ ауылдарының шынайы жағдайы мәз емес

Гүлнұр Мамасарипова - продюсер

Бүгінде көрермен көзайымына айналып, халықтың көңілінен шыққан «Келінжан» телехикаясы биыл туындының төртінші маусымын халық назарына ұсынды. Осы орайда жоба продюсері Гүлнұр Мамасарипова BAQ.KZ порталына сұхбат беріп, телехикаяда не себепті ескі ауылда түсірілгенін айтып берді.

Продюсердің сөзінше көрермендер оған не себепті ескі ауылда кино түсіресіз деген сынды сауалдарды жиі қолданады екен. Жоба жетекшісінің айтуынша, қазақ ауылдарының басым көпшілігінің жағдайы кинодағыдай тым жұтаң екен.

«Ауылдың келіншектерін не себепті аяқтарына кебіс, шұлықтың сыртына тәпішке кигізіп түсіресіз немесе неге олар үстеріне халат киіп жүреді деген сұрақтар жиі қойылады. Айтайын дегенім мен оны ғарышқа барып түсіріп келген жоқпын. Немесе арнайы декорация ретінде ол ауылды салған жоқпын. Ол ауыл бар және ол біздің Қазақстандағы ең тұрмысы төмен ауыл емес, кешіріңіздер. Бұл ауыл Алматыдан 70-ақ шақырым жердегі ауыл. Ондағы 90 пайыз үйлер сондай, халықтың 90 пайызының жағдайы сондай. Мен ауыл туралы кино түсіргенде, әріптестер ренжімеңіздер, ауылдың келіншектері әдемі киініп, күнде профессионалды макияж жасап, шаштарын лактап, кадрда отырған кезде сенбеймін. Олай жүрмейді. Сіз сол ауылда тұрып жатсаңыз, сол ауылдың тұрғындарына шамалы қарау керек», — деді продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін продюссер телехикаяны түсіру кезінде түсірілім тобы қандай қиындықтарға тап болғанын айтқан еді

Другие новости

Back to top button