Социум

Халыққа — қамқорлықпен, жетістікке — жүрекпен!

«Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы филиалы Кеген ауданы халқымен кездесіп, «кәсіпкерлік негіздері» тақырыбында семинар өткізді. Бұл шара Кеген ауданы әкімдігімен бірге аудан жастарының сұранысына сай ұйымдастырылып отыр.

Семинар барысында «Халық» қайырымдылық қоры Алматы облысы филиалының жоба менеджерлері — бизнес психологиясы, нарықты зерттеу, бизнес жоспарлау, мемлекеттік қолдаулар мен SMM- маркетинг тақырыптарында кең ақпарат берді. Айта кету қажет қордың Алматы облысы филиалы жоба-менеджерлері — кәсіпкерлік саласында қызмет тәжірибесі бар және сертификатталған бизнес-тренерлер.

Қор бұл ауқымды шараны «балық берме — қармақ бер» ұстанымы аясында өткізіп отыр.

Кеген ауданында негізгі кәсіп — ауылшаруашылығы бағыты.
Сонымен бірге бұл өңірдегі көркем табиғат, Көлсай көлдері, Қайыңды, Шарын шатқалдары туристік аймақ ретінде де дамуына зор мүмкіндік туғызып отыр.
Осыған байланысты «Халық» қайырымдылық қоры Кеген ауданында туристерге сервистік қызмет көрсету, сувенирлер мен қолөнер бұйымдарын дайындау саласы кәсіпкерлігін дамыту бағытында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтардың жобаларын сүйемелдеп, тегін консалтинг қызметтерін ұсынатын болады

Бұл өз кезегінде Кеген ауданында ашылатын шағын кәсіпкерліктер есебінен жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді деп күтілуде.

«Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылы еліміздің аса маңызды — әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім салаларында ауқымды қайырымдылық жобаларды іске асыру мақсатында құрылып, нәтижелі жұмыс атқарып келеді.


Соңғы үш жылдағы сынақ болған оқиғаларда да «Халық» қайырымдылық қоры елмен бірге болып, халықтың әлсіз топтарына көрсетілетін әлеуметтік көмек шараларына басымдық берді, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік бастамаларын толық қолдауға назар аударуды жалғастырды. Жалпы 7 жылда қор әлеуметтік саланы қолдауға 45 млрд. теңге қаржы бөлген. 2023 жылдың ақпан айынан бастап қордың Алматы облысы бойынша филиалы ашылды. Филиал Алматы қаласымен шектесіп жатқан Қарасай, Талғар, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарымен тығыз байланыста. Барлық ауданда өкілдер орналасқан.

Жыл басынан бері әкімдіктің уәкілетті органдары арқылы әлеуметтік санаттағы 1500 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығы таратылды. Бұл қайырымдылық шара жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

Другие новости

Back to top button