Алматы

Халықаралық қауіпсіз интернет күні аясында ХАТУ АҚ студенттері қауіпсіздік квестінде бақ сынасты

Халықаралық қауіпсіз интернет күні қарсаңында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері атаулы оқу орнында өткізілген интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша квестке белсене ат салысты.

Іс-шара виртуалды әлемде хабардарлықты арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Студенттер әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік туралы білімдері мен дағдылары сынға түскен тартысты квестке қатысты.

Іс-шара аясында ХАТУ АҚ ректоры киберқауіпсіздік саласындағы білімнің маңыздылығын атап өтіп, студенттердің іс-шараға белсенді қатысқанына ризашылығын білдірді.

Қазақстандағы «Касперский Зертханасының» басқарушы директоры Валерий Зубанов квест жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етті. «Біз киберқауіпсіздік бойынша білімге ерекше назар аударамыз және виртуалды кеңістікті қорғау бойынша білімді одан әрі қолдануда студенттердің әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Өскелең ұрпақпен жұмыс істеу – интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам», – деп атап өтті Валерий.

Халықаралық қауіпсіз интернет күні 2004 жылы Еуропалық комиссияның бастамасымен құрылды және содан бері барлық пайдаланушылар үшін қауіпсіз және жауапты интернет кеңістігін құруға бағытталған жаһандық бастама болып табылады.

Желідегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын барлығының есіне сала отырып, іс-шараға белсене қатысқан ХАТУ студенттері мен «Касперский зертханасына» алғыс айтамыз. Мұндай бастамалар болашақ ұрпақ үшін салауатты және қорғалған цифрлық ортаны құруға ықпал етеді.

Другие новости

Back to top button