Госорганы

Халықаралық байқаушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабына келді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары үгіт-насихат науқаны кезінде 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының, Америка Құрама Штаттарының және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының халықаралық байқаушылары ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Штаб мүшелері оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.

Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

Другие новости

Back to top button