Выбор редакцииСпорт

«Халық» қорының қолдауымен #Ауылфутбол жобасының тағы 20 ауылдық жаттықтырушысы УЕФА санатының «D» сертификатын алды.

15-16 ақпан күндері Орал қаласында «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен #АуылФутбол жобасының ұйымдастыруымен ауыл жаттықтырушыларына арналған кезекті оқыту семинары өтті. Оқуды Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан 20 жаттықтырушы аяқтады.

#AuylFootball жобасының жетекшісі Серік Мәмбетовтің айтуынша, бұл УЕФА бағдарламасы бойынша «D» санаты бойынша оқудан өтіп жатқан ауыл бапкерлерінің 3-ші тобы.

«D санаты бойынша ауыл жаттықтырушыларын даярлау бағдарламасы Алматы қаласы футбол федерациясы мен Батыс Қазақстан облыстық футбол федерациясының мамандарының қатысуымен жүзеге асырылуда. Бұған дейін Алматыда екі семинар-тренинг өткен болатын, сондай-ақ Астана қаласында солтүстік өңірлерден келген жаттықтырушылар үшін тренинг өткізу жоспарлануда. Барлық оқу шығындарын «Халық» қайырымдылық қоры өтеп, барлығы 100 ауылдық жаттықтырушыны оқыту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 60 жаттықтырушы дайындалды», — дейді С.Мәмбетов.

Айта кетерлігі, бапкерлік курс тыңдаушыларының ішінде Қазақстандағы жалғыз мүмкіндігі шектеулі жаттықтырушы – Батыс Қазақстан облысындағы Жақсыбай ауылының тұрғыны Миршат Дүйітов та қатысты.

Сонымен қатар, 22-23 ақпанда Алматы қаласында тағы бір оқыту семинары өтеді, оған Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарынан жаттықтырушылар қатысады.

Сондай-ақ, «Халық» қорының қолдауымен «SMM негіздері», «Футбол менеджменті және коммуникациялар» бойынша оқыту семинарлары өтетінін атап өтеміз. Сондай-ақ, футбол төрешілерін дайындау да жоспарда бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қараша айында #АуылФутбол жобасы мен «Халық» қайырымдылық қоры арасында республика бойынша 100 ауылдық балалар футбол командасына материалдық қолдау көрсету, облыстық турнирлер өткізу, 100 жаттықтырушыны дайындау, сондай-ақ  Алматы облысындағы #АуылФутбол облыстық құрама командасына қолдау көрсетуді қамтитын Меморандумға қол қойылған болатын.

Другие новости

Back to top button