Выбор редакцииСпорт

«Халық» қорының қолдауымен #АуылФутбол жобасы аясында 100 командаға көмек беріледі

«Халық» қайырымдылық қоры мен «Арман ауыл» жеке қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның аясында «Халық» қоры ауыл балаларының футболын дамытуға арналған «Ауылфутбол» жобасының бас демеушісі болып табылады, деп хабарлайды Матрица.kz.

 

Демеушінің қолдауы:

100 ауыл жаттықтырушысын УЕФА-ның «D» санаты бойынша оқыту;

100 ауылдың балалар футбол командасына жаттығу жабдықтарын сатып алуға жәрдемдесу;

— ауыл командалары арасында 17 облыстық турнир және республикалық деңгейде финалдық турнир өткізу;

— Алматы облысы құрама командаларының оқу-жаттығу процесін және олардың беделді жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.

«АуылФутбол» жобасының негізін қалаушы Серік Мәмбетов:

«Жобаға «Халық» қорының қатысуы – ауыл балаларын спортқа тартуға, спортпен шұғылдануға үлкен серпін беріп, бүкіл республика бойынша «Ауылфутбол» ауқымын кеңейту болып табылады. Футбол және әр турнирде спорттық мереке атмосферасын құру».

Жоба 3000-нан астам ауыл балаларын қамтиды деп күтілуде және 12 айға созылады. «Халық» қайырымдылық қоры Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов:

«Бұған дейін «Халық» қайырымдылық қоры Алматы облысынан 200-ден астам жас футболшылар қатысқан «Halyk Open Cup»» турнирі аясында балалар футболына қолдау көрсетіп келген.

Нәтижесінде 2013 жылы туған «АуылФутбол» командасы балалар мен жасөспірімдер футбол лигасының қола жүлдегері атанса, 2014 жылы туған ойыншылар командасы Алматы қалалық балалар лигасының чемпионы атанды.

Осындай оң нәтижелерден кейін қордың қамқоршылық кеңесі Республикадағы «АуылФутбол» жобасын дамытуға қаржылық қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Спорт – қор қызметінің басым бағыттарының бірі. 2016 жылы құрылған «Халық» қайырымдылық қоры еліміздің әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру сияқты маңызды салаларында ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Жалпы 2016 жылдан бері «Халық» қорының қамқоршылары Тимур мен Динара Құлыбаевтардың қолдауымен 50 миллиард теңгеге жуық көптеген жобаларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

«Halyk Open Cup» турнирі аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде ауылдық балалар командалары арасында қызығушылық артып, AuylFutbol жобасына қатысушы командалар саны  35%-ға (24 командадан 32 командаға дейін) артты, бұл «Халық қоры» қолдауының тиімділігін дәлелдейді.

 

Другие новости

Back to top button