Выбор редакцииСпорт

«ХАЛЫҚ» ҚОРЫ ҚОЛДАУЫМЕН #АУЫЛФУТБОЛ ЖОБАСЫНЫҢ 100 КОМАНДАСЫ КӨМЕК АЛДЫ

#АуылФутбол жобасы 100 ауылдық балалар футбол командасына көмек көрсетуге бағытталған  #АуылФутболКөмек атты бағдарламасын аяқтады. Жобаның бас демеушісі «Халық» Қайырымдылық қоры.

Бағдарлама 2023 жылдың желтоқсан айының басында іске қосылды. Басты мақсат — 100 ауылдық команданы толығымен жаттығу жабдықтарымен қамтамасыз ету.

#АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетовтің айтуынша, көмек қораптарының басым бөлігі командаларға тапбысталды. Аз бөлігі  жолда бара жатыр.

«Бүгінгі күні көмектің 90%-дан астамы өз иелеріне жетті,  қалған бірнеше команда  бір апта ішінде  алады. Көптеген аймақтардан командалар көмек алды, жобаға қосылу талаптарын орындамағандықтан біз қазір тек үш аймақта өкілдік етпедік. Оңтүстiк облыстардың командалары ең көп көмек жинақтарын алды – халықтың басым бөлiгi осында шоғырланған. Ең белсенді облыстар Жамбыл, Алматы, Павлодар, Ақтөбе болды. Бұл бұрын-соңды болмаған акция, оған «Халық» Қайырымдылық қоры қолдау көрсетті. Біз командалар атынан  өте жақсы пікірлер алып жатырмыз. Жаттықтырушылар, ата-аналар, балалардың өздері және осы ауылдардың қарапайым тұрғындары бізге және Қорға алғыс білдіріп жатыр. Біз, бағдарлама операторлары ретінде, осындай қолдау көрсеткені үшін Халық Қорына және жеке қордың негізін қалаушы Тимур Құлыбаевқа үлкен алғысымызды білдіреміз», — деді С.Мәмбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қараша айында #АуылФутбол жобасы мен «Халық» Қайырымдылық қоры арасында 100 ауылдық командаға қаржылай көмек көрсету, УЕФА-ның коучингтік D санатына 100 ауылдық жаттықтырушыны оқыту, облыстарда  аймақтық турнирлер өткізуді қамтитын Меморандум жасалған болатын. Сонымен қатар, Алматы облысындағы #АуылФутбол құрама командасына қолдау көрсетіледі.

Бүгінгі таңда 4 лекпен  83 ауылдық жаттықтырушы УЕФА-ның D санатына оқытылды. Жоба 9-10 наурыз күндері Астана қаласында соңғы лекте 17 жаттықтырушыны оқытумен өз мәресіне жетеді.

Сонымен бірге қаңтар айында Алматы облысындағы #АуылФутбол жобасының құрама командасына 2012 жылы туылған балалар таңдалды. Олар үшін бір апталық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, спорттық форма, доптар, жаттығу құралдары сатып алынды. Команда облыстық турнирге қатысып, 2 орынға ие болды.

Наурыз айының басында 2013 және 2014 жылы туған балалар арасынан екінші ұлттық құраманы іріктеу жүргізіледі, олар да арнайы дайындық режимімен және түрлі жарыстарға қатысумен қамтамасыз етіледі.

2024 жылдың сәуір айынан бастап «Халық» Қайырымдылық қорының бас демеушілігімен Қазақстанның 14 облысында «Халық OPEN CUP» аймақтық турнирлер сериясы басталады. Демеуші барлық турнирлерге толықтай қаржылық қолдау көрсетеді.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды. Идея авторы-  журналист және қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері ауылдағы балалар футболын қолдау болып табылады. Оның қызметі барысында 100-ден астам команда қаржылай қолдауға ие болды, екі ауылда алаңдар салынды, жаттықтырушылар үшін ондаған семинар-тренингтер өткізілді.

Тимур мен Динара Құлыбаевтардың «Халық» Қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 120-дан астам жобаға 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген.

Другие новости

Back to top button