Спорт

«ХАЛЫҚ» ҚОРЫ АУЫЛ БАЛАЛАРЫН ҚОЛДАДЫ

«Halyk Open Cup» I турнирінің «АуылФутбол» жобасы 200-ден астам жас футболшының басын қосады.

15-16 маусым күндері Алматы облысының «Жібек жолы» ауылында аталмыш облыстың ауылдарынан келген жас футболшылардың қатысуымен футбол турнирі өтеді. Турнирдің ұйымдастырушысы – «АуылФутбол» жобасы, жобаға «Халық» Қайырымдылық қоры толықтай қаржылық қолдау көрсетті.

Екі күнге созылатын турнирге Алматы облысынан 8-12 жас аралығындағы 200-ге жуық ауыл баласы қатысады. Оның ішінде Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары бар.

«Жасыратыны жоқ, ауыл балаларының көпшілігінің түрлі жарыстарға қатысуға мүмкіндігі жоқ. Басты себеп, қатысуға қажетті шығындар бұл қатысу жарнасы, жол шығыны, тамақтану және т.б. Ал «Халық» Қайырымдылық қорының қолдауымен бұл мәселелер толығымен шешіліп, осы маңызды турнирге қатысуға 200 балаға мүмкіндік беріліп отыр», — дейді «АуылФутбол»жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

«Халық» Қайырымдылық қоры Алматы қалалық филиалының директоры – жарыстың бас демеушісі Ғалымбек Жақсылықовтың айтуынша, ауылдағы балалар спортын дамытуға арналған жобалар қор үшін әрдайым басымдыққа ие.

«Ауылдан шыққан болашақ таланттарды қолдау мақсатында «АуылФутбол» жобасымен бірлесіп, «Halyk Open Cup» I турнирін өткізуді жөн көрдік. Бұл турнир Алматы облысының балалары үшін өткізіледі, бірақ болашақта қатысушылардың географиясы кеңейеді деп сенеміз. Турнирді қолдау– бұл ең алдымен, ауыл балаларының салмақтыжарыстарға қатысуына жағдай жасау және спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау», — деді Ғалымбек Жақсылықов.

Турнир Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Жібек жолы» ауылында өтеді. Турнир жеңімпаздары, сонымен қатар үздік ойыншылар кубоктармен, мүсіншелермен, алғысхаттармен марапатталады.  Барлық қатысушылар турнирдің Бас демеушісі – «Халық» Қайырымдылық қорының сыйлықтарына ие болады.

Турнирге журналистер, блогерлер, әуесқой және қазақстандық кәсіпқой футболдың ардагерлері шақырылды.

Турнир қорытындысы бойынша Алматы қаласының Балалар мен жасөспірімдер футбол лигасына қатысатын командалар жасақталады. Командалардың БЖФЛ-ге қатысуына да «Халық»қоры қолдау көрсетті ойын формасының 2 жиынтығы сатып алынды және Алматы қаласына трансфер төленеді.

Анықтама

«АуылФутбол» жобасы 2020 жылы іске қосылды. Идея авторы – журналист Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаты мен міндетіауылдағы балалар футболын қолдау.

Үш жыл ішінде 80-нен астам ауылдық балалар командаларына қолдау көрсетілді, 30-дан астам турнир өткізілді, оның ішінде 6 республикалық деңгейдегі, 2 футбол фестивалі және 2 футбол демалысы, жаттықтырушыларға арналған 30-дан астам семинар ұйымдастырылды, 4 ауылда балалар футбол клубы құрылды. Алматы және Ақтөбе облыстарының екі ауылында шағын футбол алаңдары салынды.

Жоба өз футбол лигасын құруды және шетелдік жаттықтырушылардың қатысуымен оқыту семинарларын өткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта жобада Қазақстанның 10 облысынан 25 балалар футбол клубы қамтылған.

Анықтама

«Халық» Қайырымдылық қоры 2016 жылы еліміздің ең маңызды бағыттары – әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру салаларында ауқымды қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылды және өз жұмысын тиісті деңгейде атқарып келеді.

«Халық» қайырымдылық қоры өз қызметі барысында бірқатар спорттық жобаларды жүзеге асырды.

 2021 жылы қор Қазақстан Республикасытұрғындары арасында саламатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдерспортын дамыту бойынша әлеуметтік саясатты белсенді жүргізіп келе жатқан «Қайрат» ФК-на демеушілік көмек көрсетті. Кешенді қолдау көрсету мақсатында 2019-2020 жылдарға арналған «Халық лигасы» қайырымдылық бағдарламасы әзірленді және бекітілді, оның аясында ҚР Баскетбол федерациясына спорттық құрал-жабдық сатып алу және кадр құрамына еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету түрінде көмек көрсетілді.

2019 жылдың маусым айында ҚР балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында баскетболдан «Үміт кубогы» чемпионаты өтті, оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының10-17 жас аралығындағы 170 тәрбиеленушісі қатысты.

2023 жылдың 4 маусымында Алматыда «Халық» қорының қолдауымен барлық стильдегі каратэден халықаралық турнир өтті. Жарыстақатысушылардың жартысынан астамы жүлдеге ие болып, рекордтық оқиға болды. Татамиге 8 елден Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркменстан, Моңғолия және Қазақстаннан 500 спортшы шықты және. Турнирге қатысқан ең кішкентай спортшы 5 жаста, ең үлкені 17 жаста. Жарысқа еліміздің әр өңірінен, оның ішінде шағын қалалар мен ауылдардан балалар келді. Бұл балалар үшін спорт – өз мақсатына жетудің қолжетімді мүмкіндігі.

Осындай жобаларды жүзеге асыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бұқаралық спортты дамыту туралы» халыққа жолдауын жүзеге асыруға үлес қосады. Спортты насихаттауға, мықты спортшыларды анықтауға, спортшылардың бойында жоғары адами және физикалық қасиеттерді қалыптастыруға, өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын дәріптеуге көмектеседі.

 Спикерлер:

1.Ғалымбек Жақсылықов, «Халық» Қайырымдылық қоры Алматы қалалық филиалының директоры. Тел: 87017799090

2. Серік Болатұлы Мәмбетов,  «АуылФутбол» жобасының жетекшісі.  

    Тел: 87777216808

Другие новости

Back to top button