Ақша

Halyk тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 млрд теңге бөледі

Halyk Bank және «Халық» қоры су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде өз қаражатынан 1 млрд теңге бөлу туралы бірлескен шешім қабылдады.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk тобы және «Халық» қоры
мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларымен қатар, бұл жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жасалып жатқан бұл қадам табиғи апаттың зардабынан тезірек қалпына келуге көмектеседі деп үміттенеді.

Біз үйі мен мүлкінен айырылып, апаттан зардап шеккен азаматтарымызға шын жүректен жанашырлық танытамыз. Мұндай трагедияға бей-жай қарау мүмкін емес, осы ретте біз көмек қолын соза отырып, еліміздегі бұл қиын кезең мүмкіндігінше тезірек аяқталып, енді қайталанбайды деп шын жүректен үміттенеміз.

Другие новости

Back to top button