Выбор редакцииСпорт

HALYK OPEN CUP БАЛАЛАР ТУРНИРІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТТІ

Ғабита Мүсірепова ауданы, Новоишим ауылында 2013 жылдан асқан балалар арасында облыстық HALYK OPEN CUP футбол турнир өтті.

Турнирдің бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры. Бұл еліміз бойынша екінші облыстық Halyk Open Cup турнирі. Алғашқы турнир ағымдағы жылдың сәуір айында.Алматы облысында өтті.

Турнирді #АуылФутбол. жобасы аясында «Арман ауыл» жеке қоры ұйымдастырды.

Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарынан келген 8 команда жеңіс жолында бақ сынады.


Ережеге сәйкес сегіз команда 2 топқа бөлініп, үздік шыққан 2 команда плейоффқа шығып, жеңіске дейін ойнады.

Бірінші орынды Қызылжар ауданы Бескөл ауылының командасы жеңіп алды.

Екінші орын мен күміс жүлдені «Арлан» командасы, үшінші орынды «Бірлік» командасы иеленді. Екі команда да Ғабит Мүсірепов ауданынан.

Ұйымдастырушылар үздік ойыншыларды анықтады. Турнирдің үздік қақпашысы Кодак Савелий (Бірлік ауылы), Серікбай Нұрәлі (Бескөл ауылы) үздік қорғаушы, үздік шабуылшы Азамат Алдияр (Новоишим ауылы) және үздік турнир ойыншысы болып Тастан Елжан (Бескөл ауылы) танылды.

Барлық жүлдегерлер кубоктармен, эксклюзивті Халық қорының логотиптері бар медальдармен марапатталды.

«Арман ауыл» жеке қорының президенті Әйгерім Болаттың айтуынша, ауылдық командалардың турнирлерге қатысуда қиындықтары бар. Ссебебі негізгі талаптардың бірі — бірыңғай форманың болуы. Бас демеушіміз «Халық» қайырымдылық қоры еліміздегі #АуылФутбол жобасына қатысатын барлық командаларды біріңғай формамен, сонымен қатар оқу-жаттығу құралдарымен қамтамасыз етті. Қазіргі таңда жобада 100-ден астам команда қатысуда.

«Жалпы, осындай турнирлер еліміздің 14 облысында өтеді. Жеңімпаздар Алматы облысында қазан айында өтетін «Halyk Open Cup» республикалық турниріне жолдама алады. Бұл ауыл балалары үшін командамен бірігіп жеңіске таласатын, жаңа достар табатын шағын саяхатқа мүмкіндік болмақ. Бүгін Солтүстік Қазақстанда өтіп жатқан футбол мерекесі мен алдағы турнирлер «Халық» қайырымдылық қорының жан-жақты қолдауының арқасында жүзеге асырылуда, – деп қосты Әйгерім Болат.

#АуылФутбол жобасы 2024 жылға тағы 12 аймақта турнирлер өткізуді жоспарлап отыр.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды, идея авторы журналист, қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері — ауылдағы балалар футболына қолдау көрсету. Жоба аясындағы жұмыс барысында 180-нен астам аулдық командаға материалдық қолдау көрсетілді, екі ауылда футбол алаңы салынды, тренерлер үшін ондаған оқыту семинарлары өткізілді, сондай-ақ 30-ға жуық соның ішінде республикалық турнирлер өткізілді.

2024 жылдың 16 наурызында соңғы 4 жылдағы басты оқиғалардың бірі — үздіктерін марапаттау #AuylFootballAWARDS – 2023 рәсімі өтті. Шараның бас демеушісі «Халық» қайырымдылық қоры болып табылады. Марапаттау шарасы ауыл балалары футболын қолдау, футболды спорт түрі ретінде кеңінен насихаттау спортпен айналысу, сонымен қатар балаларды футбол ойнауға мотивация қалыптастыруға бағытталған.

Другие новости

Back to top button