Культура

«Хайп жасағысы келді»: Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен арада болған дауға қатысты пікір білдірді

Танымал әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс “Ұйқым келмейді” бағдарламасында өнердегі әріптесі Бақыт Шадаевамен болған жанжалға нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің айтуынша, Бақыт Шадаеваның айтып жүргені бос әңгіме, екеуінің арасында ешқандай талас болмаған.

“Мұның бәрі бос әңгіме. Арамызда ешқандай үй де, талас та болған жоқ. Бақыт хайп жасағысы келген болар. Біз кезінде бірге көп жұмыс жасағанбыз. Мұндай ойды оған жанында жүрген продюсерлері салды деп ойлаймын. “Үйімді тартып алды, ақшамды бермей қойды” деген бос әңгіме. Ешкім ешкімге қарыз емес. Егер расымен мен Бақытқа қарыз болсам, қазір түрмеде отыратын едім. Сондықтан алаяқтық та, басқасы да болған жоқ. Еңбек еткенім рас, Бақыттан ешқашан үй алған емеспін”, – дейді Сейфуллин Жолбарыс екеуара дауды жоққа шығарып.

Сондай-ақ ол Бақыт Шадаевамен мүлдем араласпайтынын айтты.

“Екеуіміз араласа алмаймыз. Қалай араласамыз? Бақытпен араласу үшін оның күйеуі болу керек. Оның күйеуімен мен дос болу керекпін. Әйел мен еркек дос болмайды. Сол себепті күйеуі жоқ әйелдермен дос болмаймын. Шығармашылықта да екеуіміздің жолымыз екіге айырылды”, – дейді әнші.

 

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарыс үйін тартып алып, ақшасын бермей қойғанын есіне алды. Өзінің зардап шеккенін айтқан Бақыт Шадаеваның өнердегі әріптесімен ара қатынасы нашарлап кеткен.

Другие новости

Back to top button