ГлавноеГосорганы

Гүлмира Сатыбалды 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Елордада оған қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елордада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бірнеше қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны айыптаушы тарап оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.

«Сатыбалды Гүлмираны ҚР Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі және 125-бабының 2-бөлігінің 1 және 8-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны  үшін кінәлі деп танылуын сұраймын. Жеңілдетілген жаза неғұрлым қатаң жазаға ауыстырылып, Сатыбалды мүлкін тәркілеусіз 8 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтесін», — деді прокурор Азамат Сәрсембаев.

Айта кетерлігі, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды сотта сұрақ-жауап алу кезінде өз кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеген болатын.

Ол бұған дейін Айгүл Мекешевамен «Galanz Bottlers» және «Maxi Bottlers» компаниялары акцияларындағы жәбірленушінің үлесін өткізіп беру туралы медиативтік келісім жасасқан болатын.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды 2022 жылы 16 наурызда ұсталып, елорданың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың акцияларын заңсыз иемдену, оның ішінде ұрлау фактілері бойынша екі фактіге қатысты тергеуді аяқтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 6,6 миллиард теңгеден асады. Өткен жылдың 15 желтоқсанында қылмыстық іс айыптау актісімен бірге күдіктілерді сотқа тарту мәселесін шешу үшін прокуратураға жіберілген еді.

Гүлмира Сатыбалды бақылайтын «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығы мен мемлекеттік қызметкерлер де нысандар құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Прокурор Альмира Қожахметова оның Қазақстаннан кетуге әрекеттенгенін айтты.

Другие новости

Back to top button