Госорганы

Грант, шәкіртақы, міндетті төлемдер – Қазақстан бюджетінің шығыны 1,7 трлн теңгеге өседі

Қаржы министрі Мәди Тәкиев «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң жобасы, бюджет кодексіне сәйкес, елдің 2029 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген.

2025 жылғы түсім қанша болады

«Бюджет параметрлері кепілдендірілген трансферт, шығыстардың өсу қарқыны мен бюджет тапшылығы бойынша бюджет заңнамасында белгіленген қағидаларға сәйкес келеді. 2025 жылға арналған түсімдер 21,7 трлн. теңге деңгейінде болжанып отырКелесі жылы Ұлттық қордан 2 трлн теңге сомасында кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланып отырБюджет тапшылығы, 2025 жылы жалпы ішкі өнімге 2,7% деңгейінде, ал 2027 жылға қарай жалпы ішкі өнімге 1,9%-ға дейін төмендеу болжануды», — дейді Тәкиев.

Оның сөзінше, бюджет шығыстары 2025 жылға арналған кірістер мен тапшылықты ескере отырып, 2024 жылға қарағанда 1,7 трлн теңгеге ұлйғайып, 25,8 трлн теңгені құрайды. Бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді. 2025 жылы әлеуметтік салаға 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге ұлғайып 9,8 трлн теңге бағытталады.

Шығын өседі

«Шығындардың өсуіне келесі факторлар әсер етеді. Біріншіден, инфляцияның орташа деңгейіне әлеуметтік төлемдерді индекстеу: базалық зейнетақы мен жәрдемақыны 6,5 %-ға, ортақ зейнетақыны инфляцияның орташа деңгейінен 2%-ға асыра отырып, 8,5%-ға индекстеу. Индекстеуге және әлеуметтік төлемдерді алушылар санын ұлғайтуға қосымша 626 млрд теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңгені құрайды», — дейді ол.

Екіншіден, осыжылмен салыстырғанда гранттар санын 2 500 орынға ұлғайту көзделген. Соның нәтижесінде қосымша орындарды ескере отырып, 2025 жылы шамамен 78 мың білім беру гранты бөлінеді. Үшіншіден жоғарғы оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту жоспарланған.

«Яғни, стипендияның орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін 52 372 теңгені, магистратура үшін — 117 098 теңгені құрайды. Төртіншіден, халық санының өсуі мен науқастар санының ұлғаюын ескере отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтуды ұлғайту көзделген», — дейді Тәкиев.

Қаржы министрі бюджеттің басым бағыты – өңірлерді қолдау екенін хабарлайды.

Другие новости

Back to top button